“Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриоттық сезім”
1 Қыркүйек Қапал кәсіптік- техникалық колледжіне Білім күніне арналған “Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриоттық сезім” тақырыбында топ сағаттары өтті. Білім күні барлық колледж студенттері үшін өте маңызды күн. Бірақ 1- ші курс студенттері үшін өте ерекше күн, өйткені бүгін олар үшін жаңа, жауапты , қуаныш пен жаңалықтарға толы уақыт басталады. Колледжімізге биылғы оқу жылында талантты , дарынды студенттер қабылданды. Осындай студенттермен колледжіміз жоғары белестерге шығатынына сенімдіміз.