Әдістемелік жұмыс

2021-2022 оқу жылының І ж.ж әдістемелік жұмыс бойынша

ЕСЕБІ

Оқу жылының басынан әдістемелік жұмыс жоспары жасалынды, міндеттер қойылды. Пәндік циклдік комиссиямен бірлесіп жалпы пән, арнайы пән бойынша  130 бұйрыққа сүйенен отырып оқу жұмыс бағдарламасы құрылды.

Техникалық және кәсіптік бөлімнің Мерейтойлық күнтізбелік күндерге арналған жұмыс жоспарына сәйкес Жунисова Рысалды Шаймуратовна 18-20 қазан аралығында Ыбырай Алтынсарин және заманауи білім тақырыбында эссе жазып  конкурска қатысып  ІІІ орын иеленді. Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі ұйымдастыруымен өткізілген 16 желтоқсанға  байланысты «Сөз бен сурет » атты 1 курс студенттерінің арасында байқау өткізілді, сол байқаудан 1  курс 29 топ студенті  Аманжолқызы Айсезім ІІ орынды иеленді.

«TALAP» коммерциялық  емес акционерлік қоғамы ұйымдастыруымен «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру процесін академиялық дербестікті есепке ала отырып модельдеу» тақырыбында 108 сағаттық,  2 апталық курс өткізілді. Колледжімізден 11 адам оқыды. Осы талаптың ұйымдастыруымен «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы оқу жұмысының тиімділігі» атты 72 сағаттық курстан директордың өндірістік оқыту жөніндегі орынбасары Тазабеков Меліс Кадырбекұлы өтті.

“Тамақтандыруды ұйымдастыру» және «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығында оқитын 1 курс студенттерінен мектептен кейінгі білім деңгейлерін тексеру мақсатында І жж –та  аралық бақылау тест алынды 5 пән бойынша: математика, қазақстан тарихы, химия, физика, қазақ тілі.

Көктемдік аттестацияға мұғалімдердің портфолияларын толықтыру мақсатында республикалық журнал «Көкжиек», «Білім бойтұмары», республикалық журнал «Білімді ел», «Ұстаз әдістемесі» газеттеріне мақалалар жариялады.

Колледж оқытушылары мен жас мамандар  сабақтарына  әдістемелік көмек көрсету мақсатында апталықтар мен онкундіктер жоспары жасалып өткізілді.

 

2021-2022 оқу жылының ІI  ж.ж әдістемелік жұмыс бойынша

ЕСЕБІ

«Алматы облысының білім басқармасы» ММ Облыстық білім беруді дамыту оқу әдістемелік орталығы 30.03.2022 жылы  Б.Құндақбаева орта мектебі базасында жұмыс тәжірибесінде үздік педагогикалық идеяларды қолданатын, әдістемелік қызметтерді үйлестіруде шығармашылдықпен жұмыс істейтін педагогтерді анықтау мақсатында  «Заманауи білім беру жүйесіндегі әдістемелік қызмет» тақырыбында обылыстық педагогикалық оқулар өтті. Колледж әдіскері С.Кобенбекова қатысып сертификатпен марапатталды.

Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу әдістемелік орталығы 31.03-01.04.22 аралығында «Пиза тапсырмаларын қолдану арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында тәжірибе алмасу вебинаоын өткізді, вебинарға физика,биология пән оқытушылары қатысты.

27.04.22 жылы Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа  технологиялар колледжі «Жас маман» жобасы жаңғырудың басты бағыты» тақырыбында обылыстық әдістемелік күн өткізілді, колледжден директордың өндірістік оқыту жөніндегі орынбасары М.Тазабеков қатысты.

Қаскелең қаласындағы  Шамалған колледжінде «Жас маман»жобасын жаңғырудың басты бағыты» тақырыбында семинар өткізілді, колледждің жас мамандары өндірістік оқыту шеберлері: Турсыналиев Қуанышбек пен Кизайбек Мәулен қатысып сертификат алды.

16.05-27.05.2022 аралығында Talap коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру курсы Алматы қаласында өткізілді. Колледжден директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.Жунисова курстан өтіп, сертификатпен  алды.

19.05.2022 жылы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы колледж әдіскерлері мен директордың оқу ісі-жөніндегі орынбарларына арналған    әдістемелік кеңес өткізді. «Табысты мектептердің акселераторы» жобасы аясында жүргізілген тәлімгер мен жас маман жұмысы бойынша тәжірибе тыңдалып, тәлімгер мен жас маман арасындағы жұмыстар колледжде тиімді ұйымдастырылуы ұсынылды. PISA халықаралық зерттеулерге дайындық жұмыстары күшейтіліп, физика, химия, биология, математика, тарих, қазақ тілі  сабақтарынан функционалдық сауаттылыққа негізделген тапсырмалар базасы құрылуына міндеттелді.

2022 жыл 7 маусым облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы Көксу ауылшаруашылық колледжінже «Жас маман» жобасы арқылы жаңа мүмкіндіктерді іске асыру» атты облыстық семинар өткізді. Семинарға біздің колледжімізден директордың оқу өндірістік жөніндегі орынбасары М.Кадырбекович пен өндірістік оқыту шебері Б.Алпысбайулы қатысып сертификаттар алды.

Колледжімізде оқытылатын 2 мамандық «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Ауылшаруашылығын механикаландыру» бойынша 1 курс студенттерінен мектептен кейінгі білім деңгейін тексеру мақсатында ІІ жж бойынша математика, қазақстан тарихы, физика, химия, қазақ тілі пәндерінен тест алынды.

Обылыстық оқыту әдістемелік кабинетінің ұйымдастырылып жатқан барлық онлайн вебинар, семинар, ашық сабақтарға колледждің инженер педагогтары жыл бойы ат салысып қатысып, кері байланыс беріп отырды.

 

Атауы Жүктеу
1 472 буйрык

Всего комментариев: 0